«Табиғат – тал бесігім»

07.04.2021

Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында 7 сәуір күні  «Табиғат – тал бесігім» атты экологиялық сайыс өтті. Іс-шараны Абдикаликова Жаннұр Жанғазықызы өткізді. Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың жүрегіне табиғат туралы жақсылық нәрін себу. Сайыс 4 айналымнан тұрды. Іс –шараға 7 оқырман қатысып, сұрақтарға жауап берілді. 1-ші айналым: «Ғажайып Қазақстан», 2-ші айналым: «Сиқырлы сандық», 3-ші айналым: «Сұрақ бізден, жауап Сізден!», 4-ші айналым: «Шешуші сәт» деп аталды. Іс шара барысында тақырыптық көрме ұйымдастырылып көрмеге «Өсімдіктер әлемі», «Балалар энциклопедиясы», «Растительный Мир», «Құстар», «Жануарлар әлемі» кітаптары және табиғат туралы мақал-мәтелдер қойылды.