Тағылымы мол кездесу

07.04.2022

   Спорт-адамның денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың  бірден -бір жолы. Спорт- маңыздылығын еш жоймайтын,жалқаулықты сүймейтін ерекше өнер. Осындай өнерді жанына серік етіп, өздерін де,өз елін де сыртқа танымал етіп жүрген спортшыларымыз жетерлік... 
          Жақында С. Сейфуллин кітапханасында өңірлік саясатты жетілдіру мақсатында  мектеп қабырғасында жүріп-ақ, спорт саласында Жаңаарқамыздың намысын қорғап, туын желбіретіп жүрген жас спортшыларымен  «Жаңаарқа жастарының жеңісі» атты  кездесу болып өтті. Кездесуге О.Жұмабеков атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Қанатов Қайрат, 10 сынып оқушысы  Нұрым Бақытжан және Б.Амалбеков мектебінің 8- сынып оқушысы Садуов Бекежан сынды оқушылар шақырылды. Кездесу барысында спортшыларымызбен спортқа келу жолдары, бүгінгі жоспарлары және болашақтағы жоспарлары, бапкерлерінің еңбектері мен талаптары туралы сұхбат алынып, әңгіме өрбіді. Келелі кездесу жиналғандарға үлкен әсерін берді. Спортшыларымызға алда қомақты жеңістер тілейміз!