«Талайды талантымен тамсандырған»

08.04.2025
8 сәуір күні М.Жұмажанов ауылдық кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Нәкеновтың 85 жылдығына орай «Талайды талантымен тамсандырған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Иманбекова Арайлым Болатовна кітапхананың тұрақты оқырмандарына көрмені таныстырып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасады. Шараның мақсаты – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Сайлаухан Нәкеновтың әдеби мұрасын насихаттау, жас ұрпақты рухани қазынамен таныстыру.