«Тарих тұнған өлке» атты шығармалар байқауы

14.12.2022

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарих тұнған өлке» атты шығармалар байқауы 1 – ші қарашадан 1- ші желтоқсан аралығында ауданымыздың 6 мектебінің арасында шығармалар байқауы ұйымдастырылып, әділқазылар алқасының көмегімен шығарма жеңімпаздары анықталды. Жалпы байқаудың мақсаты: оқушыларды туған жерге құрметтеуге және отан сүйгіштікке баулу.

14 желтоқсан күні жеңімпаздарды  марапаттау кеші өкізілді. Мерекелік кеш әнші жұлдыз Жақсылыққызы Аянаның әнімен басталып, О.Жұмабековтың оқушыларының мың бұралған билерімен жалғасын тапты. Бұл марапаттау кеші 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен тұспа тұс келгендіктен, «Желтоқсан жаңғырығы» және «Желтоқсан қаһармандары» атты кітап көрмелері құрылды. Жеңімпаздарды С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи өлкетану әдіскері Рымбекова Ақерке марапаттап, қатысушылардың шығармашылығына шабыт тілеп, қаламы ұштала берсін деген ақ тілегін білдірді. Кештің көркін қыздырып, жақсы өтуіне мұрындық болған от ауызды орақ тілді, жас оқырманымыз  Дәулетхан  Тәуекелұлының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Кеш соңында Дәулетханның  күмбірлеген домбырасының әуезді әнімен кеш шымылдығын жапты.