«Тарихтан туған рәміздер»

04.06.2025

4 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тарихтан туған рәміздер» атты кітап көрмесі және бейне-викторина ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіз мемлекеттің басты белгілері ретінде маңызы кеңінен таныстырылды. Қатысушыларға рәміздердің тарихы мен мәні туралы мәлімет беріліп, бейне-викторина арқылы олардың білімдері сыналды. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен бірлігінің нышаны ретінде әрқашан биік мәртебеге ие. Оларды құрметтеу мен қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін іс-шара барысында қатысушылар жақсы түсінді. Шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан, Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдету және оларды құрметтеуге тәрбиелеу.