«Татулық бірлік бесігі»

30.04.2024

        30 сәуір  Мәдениет үйінде 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай, «Татулық бірлік бесігі» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді. С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасы кітап көрмесі ұйымдастырып, кітапханашы М. Искакова библиографиялық шолу жасады. Музыкалық кеште  балалар әр ұлттың киімдерін киіп, өлең айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.