«Татулық – бірлік тұтқасы»

29.04.2022
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 29 сәуір күні 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Татулық – бірлік тұтқасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы А.Жокенова библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты дивертисмент кеші өткізілді. Кешті кітапханашылар А.Жокенова мен А.Кульмагамбетова жүргізді. Әр ұлттың киімін киіп, ұлттық билері биленді. Жас оқырмандар ән шырқады.