«Темекінің зияны»

29.09.2023
Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында Ынталы жалпы білім беретін мектебінің дәрігері Мұсабекова Гүлімай Жаңабайқызының қатысумен «Темекінің зияны» атты кәсіптік-ақпараттық сағаты өткізілді. Шара барысында темекінің зияны туралы, оның адам ағзасына әсері туралы баяндама жасалды. Сонымен қатар жасөспірім балалардың жаман әдетке бармауы үшін алдын-алу жұмыстары жүргізілді. Шараға Ынталы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жүкенова Гүлназым қатысты. Мақсаты: Оқырмандарға адам денсаулығына темекінің зиянды жақтарын түсіндіру. Денсаулықтың қадірін түсіндіру арқылы, жаман әдеттен аулақ болуға шақыру. Денсаулық саласының кітаптарын насихаттау.