«Теңге – ұлттық табыс көзі»

15.11.2023

С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 15 қараша «Ұлттық валюта күніне» орай «Теңге – ұлттық табыс көзі» атты кітап көрмесі мен дайджест өткізілді. Шара барысында кітапханашы Г. Акатова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, кітапханашы М. Искакова «Теңге» сөзжұмбағын құрастырып, балалар шешуін тапты. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту.