«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап»

08.10.2021

       Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында 8 қазан күні Ақтүбек ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атауымен библиовизит ұйымдастырылды. Ақтүбек ауылының тұрғындарына кітап оқуға тарту мақсатында, таңдалып алынған кітаптарға насихат жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс тізімдері таратылды. Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға тарту, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша таңдалып алынған кітаптарға насихат жасау.