«Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»

05.09.2024

         Түгіскен ауылдық кітапханасында қыркүйек айының 5 - күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының  тілдері күніне орай «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарға туған тіл, ана тілі туралы түсінік беру, шығармашылық қабілетін дамыту. Өз еліне деген сүйіпеншілікке, елжандылыққа шақыру. Ақын, жазушыларымыздың тіл туралы толғаған шығармаларын кеңінен насихаттау, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жетілдіру. Оқырмандарымызға «Тілім менің-тінім менің», «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» тағы басқа кітаптары таныстырылып, «Мемлекеттік менің тілім» атты интеллектуалдық ойын ойнатылды. Оқырмандарымыз команда болып жинаған ұпайларын санау арқылы жеңімпаздары анықталып, марапатталды. «Тіл-ұлттық қазына» атты бейнеүзінді көрсетілді. Сәрсенбек Нұрбол Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін, ал  ағылшын тілінде тіл туралы «Language» өлеңін Болатова Ақерке мәнерлеп оқыды.