«Тіл – халықтың үні»

05.09.2022

     Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында  5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні және Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Тіл – халықтың үні»  атты кітап көрмеге кітапханашы А.Асанбаева библиографиялық шолу жасады. Кітапхананың тұрақты оқырманы 6 сынып оқушысы Боранқызы Адина тілдер күніне буклет жасап әкелді және қалай жасалғаны туралы айтып берді. 6 сынып оқушысы Әуезхан Ақгүл А.Байтұрсұнұлының нақыл сөздерін оқып берді. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.Сан ғасырлар бойы ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып жатқан ауыз әдебиеттің қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерінсүюге, қадірлеуге, мақтан етуге насихаттау.