«Тіл мерекесі – ел мерекесі»

04.09.2021

         Ақтайлақ ауылдық кітапханасында 4 қыркүйек күні тілдер күніне орай «Тіл мерекесі – ел мерекесі» атты Ақтайлақ ауылының қазақ тілі әдебиет пәнінің ұстазы және «Парасат жолы» «Адалдық аланы» аясында жобасының мүшесі Қасымбекова Еркеш Жолдасбекқызымен сұхбат өткізілді. Мақсаты: Егемендігіміздің мәңгілік ұштағаны-кең байтақ жер, қастерлі тіл және береке –бірлік. Оның ішінде, еліміздегі барша халықтың басын біріктіруші фактор ретінде қазақ тілін ілгерілету –мемлекеттік саясаттың басым бағыттарың бірі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев жыл басында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айта келіп «мемлекеттік  тілді  білу –Қазақстанның әр бір азаматының парызы әрі міндеті» деп қазақ тілінің мәртебесін тағы бір рет айқындап берді.