«Тіл - татулық тірегі»

05.09.2024
5 қыркүйек- Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Тіл - татулық тірегі» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды. Іс - шараға барысында Бидайық ЖББ мектебінің 3 - сынып оқушылары белсене қатысып, А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру», «Қасқыр мен тырна» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай - ақ ана тіліне байланысты «Мақалды жалғастыр», «Кім жылдам» ойындары өткізілді. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға үйрету.