«Тілге құрмет, елге құрмет»
03.09.2021
Ақтүбек ауылдық кітапханасында 3 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күніне орай кітапханада «Тілге құрмет, елге құрмет» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, келген оқырмандарға шолу жасалды. Сонымен қатар ересек топ оқырмандарымен «Мың бір мақал» атты тренинг ұйымдастырылды. Мақал мен мәтел – өміршең поэтикалық жанр, қазақ халқының рухани қазынасы. Ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа жаттала тараған өнегелі, өсиет сөздерді оқырмандар өздерінің сөздік қорын жаңа дүниелермен толықтырып, жақсы өсиет, мол тәлім ала отырып өз білімдерін ортаға салды. Шара барысында мәтелдетіп сөйлей отыра, мақалдардың мағнасын ашыып, өз ара оқырмандар бастаған мақалды жалғастыра жарысты. Мақсаты: Оқырмандардың сөздік қорын байыта түсу. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру