«Тілім менің баға жетпес байлығым»

05.09.2021
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында «Тілім менің баға жетпес байлығым» атты әдеби – кеш өтті. «Тіл –ұлттың тірегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолуды Абдикаликова Жаннұр Жанғазықызы жасады. Мақсаты: оқырмандарды қазақ халқының қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету.