«Тілім – менің тірегім»
04.09.2024
4 қыркүйек күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Тілім – менің тірегім» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында тұрақты кітап көрмесіне шолу жасалынып, 4 сынып оқушысы Тулеуова Гүлім Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған тілім – ана тілім» өлеңін жатқа айтты. Мақсаты: Жас ұрпақты қасиетті ана тіліміздің қадірін түсінуге, тілімізді ардақтай білуге насихаттау.