«Тілім менің тірегім»

05.09.2025

     Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек-Қазақстан халқының тілдер  күніне орай  «Тілім менің тірегім»  атты кітап көрмесі өткізілді. Бұл мереке еліміздегі мәдениеттер мен тілдердің бірлігі мен алуан түрлілігінің символына айналды. Тілдер күнін мерекелеу шеңберінде мемлекеттік тілді елімізде этносаралық қарым – қатынас тілі ретінде танымал ету, сондай – ақ барлық этностардың мәдени және тілдік ерекшеліктеріне төзімділік пен құрметті арттыру мақсатында бұл іс – шара  ұйымдастырылды. Шараға 6 – 7 сынып оқушылары ат салысып, жақсы ой түйіп тарқасты.

Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қасиетін түсіне білуге шақыру, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.