«Тоқыма тоқу шеберлік»
22.09.2021
Түгіскен ауылдық кітапханасында 22 қыркүйек күні «Сыйқырлы саусақтар» үйірмесі аясында «Тоқыма тоқу шеберлік» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітапханаға келуге деген қызығушылықтарын арттыру. Қол маторикасын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, тоқыма өнері туралы қызықты деректермен таныстыру. Қажетті құралдар: тоқыма жібі, тоқу бізі, қайшы. Шебер, көп балалы ана Аманова Айзат оқырман қыздарға тоқыма түрлерімен, тоқыма жіптің ерекшеліктерімен таныстырып, бізбен тоқу үлгісін көрсетті. Қолғап, жылы шұлықтар тоқудың оңай әдістерімен бөлісті. Оқырмандарға келесі келгенше тоқу тапсырмаларын берді.