«Төл теңгеміз – тәуелсіздігіміздің символы»

14.11.2025

14 қараша күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай «Төл теңгеміз – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында бейне шолу жасалды. Шара барысында теңгенің алғашқы үлгілері, олардың авторлары мен тарихи бейнелері туралы «Теңгенің тарихы» атты бейнешолу көрсетіліп, оқырмандарға мағұлмат берілді. Сонымен қатар оқырмандар арасында «Теңге туралы не білеміз» атты шағын сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің тарихын, оның пайда болу кезеңдерін, экономикалық және саяси маңызын терең түсіндіру, сондай-ақ ұлттық валютаның енгізілуінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы тарихи рөлін айқындау.