«Тұғыры биік тұлға»

05.06.2025
5 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында көрнекті жазушы С.Нәкеновтің туғанына 85 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлға» атты әңгіме сағаты өтті. Іс-шараны кітапханашы Г. Акатова ұйымдастырып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасады. Шара барысында оқырмандарға С. Нәкеновтің еңбектері, әдеби мұрасы және елге сіңірген еңбегі кеңінен таныстырылып, оның шығармалары арқылы ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік идеялары насихатталды. Мақсаты: Жазушы С.Нәкеновтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, жазушының әдебиеттегі орнын ұғындыру және оның еңбектерін насихаттау.