"Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл"

18.03.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 18 наурыз күні қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай әдеби кеш және кітап көрмесі өткізілді. Бұл шара Талдыбұлақ ЖББ мектебінің кітапханашысы Ермекова Бөтагөзбен бірлесіп, 8-сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Кеш барысында Асанбаева Ақтоқты ақынның өмір жолы мен шығармашылығын жан-жақты таныстырып, оның әдеби мұрасынан қызықты әрі маңызды мәліметтер ұсынды. Жақсыбаев Батырхан мен Оразғали Әнуар Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерінен үзінді оқып, поэзия әлеміне терең бойлады. Әр оқушы ақынның шығармаларын тереңірек танып, оның әдебиеттегі өзіндік қырларын ашты. Бұл шара ақынның шығармашылығын дәріптеуге, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық әдебиетке құрмет қалыптастыруға зор үлес қосты. Мақсаты: Тұманбай Молдағалиев поэзиясы арқылы оқушылардың ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін ояту және ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау.