«Тұманбай жыры – өшпес мұра»

30.03.2025

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 30 наурыз күні Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, І дәрежелі «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Тұманбай жыры – өшпес мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:Жазушының әдеби мұрасын таныту және оқырмандарды Т. Молдағалиевтің шығармаларын оқуға шақыру.