«Тұңғыш Елбасы – ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмесі

29.11.2021
29 қараша күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 1 желтоқсан – Қ.Р. Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш Елбасы – ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапханашы Г.Акатова библиографиялық шолу жасады. Кітапханашы М.Искакова «Ұлт мақтанышы -Елбасы» атты слайд көрсетті. Шара барысында тұңғыш Президенттің өмірбаянымен таныстырып, отбасы, қызмет еткен жолдары туралы айтылып, қысқаша мағлұмат берілді. Мақсаты: жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.