Тынымбай Нұрмағанбетовтың шығармашылығына арналған танымдық сағат

12.06.2025
12 маусым күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында жазушы, драматург Тынымбай Нұрмағанбетовтың шығармашылығына арналған танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында жазушының «Бұлақ» әңгімесі мәнерлеп оқылып, оқушылармен бірге шығармаға талдау жасалды. Танымдық сағатқа Қызылжар жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқырмандарға Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмірі мен шығармаларын насихаттау, кітап оқуға қызығушылықты арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа және көркем мәтінді түсіне білуге тәрбиелеу.