«Ұлттық кітап күні»

23.04.2025

23 сәуір күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Кітап — өлшеусіз қазына» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы өткізілді. Атаулы шараға кітапханамыздың тұрақты зейнеткер оқырман тобы қатысты. Атап айтқанда, Мұсылманбеков Төкен ағай, Рахметов Қабдулла ағай, Доскенов Бапаш, Жүнісова Балкен апай, Төлешова Бағлан апай, Мактаева Майра апай, Искакова Күлпан апай, Сағынтаева Рақат апай және «Qadam» жобасының жетекшісі Төлеуов Д. өздерінің оқыған кітаптары жайлы ойларымен бөлісті. Шара барысында «Кітапхана және мен» тақырыбында сауалнама парақтары таратылып, оқырмандар сауалнаманы жауапкершілікпен толтырды. Оқып болған кітаптарын өткізіп, жаңадан кітаптар алды. Ай сайын жиналып, әңгіме сағатын өткізіп тұруға және қастарына бір-бірден оқырман ертіп келуге уәделесіп, ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапханаға оқырман тарту.