«Ұлттық құндылықтар –тәрбиенің түп қазығы»
03.12.2024
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 3 желтоқсан күні «Ғибрат» салт-дәстүр клубы аясында «Ұлттық құндылықтар –тәрбиенің түп қазығы» атты танымдық кеш өткізілді. Оқырмандарға ұлттық құндылықтар туралы бір ұлтты ерекшелеп тұратыны оның тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениетімен өнері, тағамдары мен ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары мен ұлттық ойындары жайында мағлұмат берілді. Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі оянған, бойына парасатты, мәдениетті, мейірімді, еңбекқор қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ауызбіршілікке шақыру, қазақ тілі мен тарихын, ұлттық рух пен патриотизмді ұлықтау.