«Ең ақылды оқушы»

02.02.2023
Түгіскен ауылдық кітапханасы 2 - ақпан күні «Ұлттық ойын ұшқыны» жобасы аясында «Ең ақылды оқушы» атты зияткерлік сайысы өткізілді. Зияткерлік сайысқа 8-10 жас аралығында оқушылар қатыстырылды. Зияткерлік сайыс екі кезеңнен тұрды. 1-кезең «Тест тапсырмалары», 2-кезең «Кім жылдам». Ең ақылды оқушы кітапхана атынан алғыс хатпен марапатталды. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру, пысықтау, ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, түрлі пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.