«Ұлттық спорт»

20.03.2024
Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 20 наурыз күні "Наурыз - фест" жобасы аясында «Ұлттық спорт» атты ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараға тұрақты оқырмандарымыз "Тоғызқұмалақ","Қол күрес","Тай жарыс" атты ұлттық спорт ойындарына көтеріңкі көңіл-күймен белсене қатысты. Мақсаты: Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін ұғындыру.