«Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы»

09.11.2022
9 қараша күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашы Г. Акатова бибилиографиялық шолу жасап, кітапханашы М. Искакова «Ұлттық теңге мақтанышымыз» атты слайд көрсетті. Мақсаты: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыру, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін ояту.