«Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» дөңгелек үстелі

10.02.2022

Ағымдағы жылдың 10 ақпан  күні  Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылғын кітапханалар жүйесі қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Жастар орталығы мен О.Жұмабеков атындағы  ЖББМ 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды ата – бабамыздың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстыру. Әдептілік туралы ұғымды қалыптастыру. Келген қонақтар мен оқушыларға «Ұлттық тәрбие және ұлт болашағы» атты кітап көрмесі таныстырылды.