«Ұлтын сүйетін ұлтшыл азамат»
12.08.2021
С.Сейфуллин атындағы ауылдық кітапхансында 12 тамыз күні жазушы Тұрсын Жұртбайдың туғанына 70 жыл толуына орай «Ұлтын сүйетін ұлтшыл азамат» атты әңгіме сағаты мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандармен кітапханашы Г. Акатова әңгіме жүргізіп, кітап көрмесіне бибилиографиялық шолу жасады. Мақсаты: жазушының өмірін үлгі ете отырып, ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеп, өз елін, жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу. Өмірбаянымен таныстырып, оқырмандарға шығармаларын кеңінен насихаттау.