«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа үлгі»

07.05.2025

Ақтау ауылдық кітапханасында 7 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай мәдениет үйімен бірлесе отырып, «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа үлгі» атты кітап көрмесі қойылып, мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекелік шараны ауылымыздың ақсақалы Ш. Қаппасов ағай құттықтау сөзімен бастап, ауылымыздан соғысқа аттанған ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алдық. Мақсаты: Отансүйгіш, елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.