«Ұлы Жеңіске мәңгі тағзым»

06.05.2022

6 мамыр Жеңіс күнінің қарсаңында Мәдениет үйі мен М.Жұмажанов ауылдық кітапханасы бірлесіп «Ұлы Жеңіске мәңгі тағзым» атты мерекелік іс –шара өткізілді, кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды. Бұлмереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміз бар. Сұрапыл соғыстан қаншама отбасы ойран болды, балалар жетім қалды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын ешқашан ұмытпау керек. Мақсаты: Оқырмандарымызды адамгершілікке, Отаның сүюге, оны қорғауға баулу. Ұлы Жеңістің бізге оңай келмегенін, ерлікпен қаза тапқан батырларымызға мәңгі бас иіп өтуіміз керек екенін жеткізу болды.