«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»

05.05.2022
Мамыр айының 5-ші жұлдызында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға А.Сейдімбек атындағы ЖОББМ 2 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ғазиза Жөкенқызы белсене ат салысты. Оқушылар қызықты ойындар ойнап, түрлі тапсырмалар орындады. Кеш соңында әннен шашу шашып, оқушылар мәнерлеп жатқа оқыды. Шара мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.