«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»

05.05.2022
5 мамыр күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты ерлік сабағы өтті. Әскерге барып азаматтық борышын өтеп келген Бидайық ауылдық округі әкім аппаратынын жетекші маманы Сыздыков Ақберен мен болашақ Отан қорғаушылар арасында қызықты сұхбат өтті. Мақсаты: Ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.