«Ұранды ердің ұрпағы – қайсар»

07.05.2026

Ш. Ералиев ауылдық кітапханасында 7 мамыр күні «Ұранды ердің ұрпағы – қайсар» атты жас сарбаздармен кездесу өткізілді. Шара барысында Жәкіш Жалғас «Қазақ жігіттері» әнін орындаса, Нығызбаев Санжардың орындауындағы «Көңіл ашар» күйі тыңдалды. Қатысушылармен «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны ойналып, викториналық сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.

Бұл мереке әрдайым батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып табылады. Құрметті ардагерлеріміз бен Отан қорғаушылар – болашақ ұрпақ үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғауда жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметі ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселері биік, мерейлері үстем болсын.

Ендеше, аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен Смағулова Көгершіннің орындауындағы «Ақ көгершін» әнімен кездесу кеші аяқталды. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.