«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»

04.10.2021

      С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 4 қазан күні Ұстаздар күніне орай, ауылымыздың зейнеткер ұстазы М.А. Алиповамен «Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік» атты кездесу, сұхбат өтті. Сұхбатты кітапханашы Г.Акатова жүргізді. Сұхбат барысында Майра Абылайқызы  қандай жоғарғы оқу орнын оқығаны, ұстаздық жолға қалай келгенін, осы қиын да қызықты мамандықты қалай өткізгені туралы айтып берді. Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.