«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»
01.05.2024
Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Іс –шараға Талдыбұлақ ЖББ мектебінің 5 – 4 сынып оқушылары қатысты. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату – тәтті ғұмыр кешіп жатыр. 5 сынып оқушылары Файзырахман Айша және Әбілқадыр Іңкәрға іс –шараға жақсы қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаталды. Оқушылар әр түрлі ұлттың әндерін, тақпақтарын және билерін биледі. Мақсаты: Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.