«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық, ел үшін»

29.04.2022

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 29 сәуір күні 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық, ел үшін» атты мерекелік бағдарлама және көрме ұйымдастырылды. Бағдарламада оқырмандарымыз өз өнерлерін паш етті, кітап көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Өскелең ұрпақты елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал ету. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.  Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.