«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық, ел үшін»

28.04.2023
28 сәуір күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасы мен мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық, ел үшін» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды. Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.