«Жайлауы жас қаламның – албырт сезім»
22.11.2023
Әлем әдебиетінің бір бөлігі саналатын қазақ поэзиясының орны ерекше, тарихы терең һәм қазыналы. Бүгінге дейін өз бағасын жоғалтпай, дамып, асқақтап, шарықтап келе жатқан қазақ поэзиясының бәсі жоғары. Мінекей сол орайда 22 қараша күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Ұлытау облысының жас ақындарының жетекшілігімен бастау алған «Ұлар» әдеби клубының тұсауы кесіліп, «Жайлауы жас қаламның – албырт сезім» атты поэзия кеші өткізілді. Іс – шара мақсаты: өнерге жақын, бойында ақындық қасиеті бар әрбір азаматтың өнерін шыңдау. Ең ұлы ақын – жас ақын, бойларында қайраттары тасып тұрған жастарға үміт артамыз деп аудан әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанұлы тілек білдірсе, жергілікті жазушымыз Болат Асанов қанаттарың талмасын, қарымды қаламдары ұштала берсін деп батасын берді. Кеш барысында өз шығармаларын ортаға салған «Ұлар» деп атау алған жас ақындар тобы ауданымыздың жастар поэзиясына айрықша серпін бергендей.