«Жайнай бер, жайна, Астана!»

04.07.2025

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 4 шілде күні 6 шілде — Астана күніне орай «Жайнай бер, жайна, Астана!» атты сурет салу байқауы өтті. Байқауға кітапханамыздың кішкентай оқырмандары қатысты.
Нәтижесінде:
І орын — 7-сынып оқушысы Қабдулла Нұрасыл,
ІІ орын — 4-сынып оқушысы Көшен Айару,
ІІІ орын — 8-сынып оқушысы Асанов Қазбек иеленді.

Мақсаты: Астана қаласына деген құрмет сезімін қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, білімге, өнерге баулу.