«Жақсылар із салған киелі орда»

12.05.2023

      2023 жылдың  12 мамыр айында    «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты Жасөспірімдер  кітапханасының  ұйымдастыруымен  «2023 жыл -Түркі өркениетінің даму жылы» аясында түркі өркениетін жаңғыртуға және насихаттау мақсатында  «Жақсылар із салған киелі орда» атты дөңгелек үстел Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлерімен бірігіп  өткізілді.

       Іс шарамызға Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы  Ерболат Берікұлы  Шубаев музей қызметкерлерімен бірге, Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің  тарих пәнінің ұстазы Икенова Инабат Амангелдіқызы, Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасының ақпараттық - библиографиялық бөлім кітапханашысы Бақышева Салтанат Ерғалиқызы қатысты.

       Дөңгелек үстелге қатысушылар  Түркі  мәдениеті  мен өркениеті және олардың  Ұлы  Жібек жолы  халықтарының мәдениеті  дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлін, Жаңаарқа өңірінің тарихи мәдени жәдігерлер мұрасымен таныстырып, тарихы көне дәуірлерден сыр шертетін, тұлпарының тұяғы дүниені дүркіретіп, әлем тарихында ерекше орын алатынын, түркілік мұра, ұлттық тарихымызға шолу жасай отырып, жас ұрпаққа көне түркі ата баба тарихын білу маңызды деп  қорытындылады.