«Жаңаарқа елі - Сакеннің елі жыр елі»

21.02.2024

     21 ақпан 2024 жылы  хх ғасырдың қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ұлттық әдебиетке мол мұра, өшпес із қалдырған, асқақ идея ұсынып, халқымыздың рухани қазынасын байытқан айтулы тұлғаларының бірі, қазақ поэзиясының альбатросы – Сәкен Сейфуллиның  биыл 130 жыл мерейтойына орай Сакен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жасөспірімдер кітапханасында жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу  мақсатында «Жаңаарқа елі - Сакеннің елі жыр елі» атты  4 бөлімнен тұратын  кітап көрмесін ұйымдастырылды.  С.Сейфуллин жайында белгілі ақын-жазушылардың естеліктерінен тұратын қазақ поэзиясының мазмұнына шығармашылық төңкеріс жасаған ақынның толғаулары мен поэмалары, барлық повестері хронологиялық жүйемен жинақталып берілген. 2003 жылы жарыққа шыққан көп томдық шығармалар жинағының 1,2-ші томдық кітаптары мен "Тар жол, тайғақ кешу" атты тұңғыш роман-эссесімен қазақ және орыс тілдерінде таныса аласыздар.  Мерзімді басылымдардан Сәкен Сейфуллиннің басқа да мақалалары ұлы ақынның адамгершілік қырының бір сарасын ашып тұрғандай.

  Құрметті оқырман, ұлы даланың дауылпазы, кемеңгер ақын жайлы ой толықтырғыңыз келсе, кітапханамызға келіп кітап көрмесімен сондай-ақ, кітап қорындағы жаңа кітаптармен таныса аласыздар!