«Жанашыр жобасы – жақсылықтың бастауы»

22.11.2022
22 қараша күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында «Жанашыр жобасы – жақсылықтың бастауы» жобасы аясында жанашыр жобасының мүшесі Болат Аңсарға кітапханамызға түскен жаңа әдебиеттермен кітапханашы Кеншимова Сағат таныстырып шолу жасады. Шара барысында кітаптар және мерзімдік басылымдар апарылды. Аңсар жақсы көңіл – күймен қабылдады. Мақсаты: Жоба мүшесін мейірімділікке, кітап оқуға деген құштарлығын арттыру.