«Жанымның қасіреті – Ауғанстан»

12.02.2025
12 ақпан күні С. Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Жанымның қасіреті – Ауғанстан» атты тарихи сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы Г. Акатова арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, қатысушыларға Ауған соғысының тарихи маңызы туралы ақпарат берді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мағлұмат беру, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.