«Жас ұландар – Мақтанышы»

06.05.2022

2022 жыл  6 мамыр күні  қызмет көрсету бөлімінде  Отан қорғаушылар күніне орай «Жас ұландар – Мақтанышы» атты  әдеби сазды  кеш өткізілді. Мақсаты: Жастардың бойына елжандылық пен отан сүйгіштікті сіңіру. Бейбіт күннің қадірін ұқтыру. Іс – шараға қатысушылар қоғаныс істер бөлімі,  мектеп оқушылар мен кітапханашылар, мұражай   қызметкерлері қатысты.  С. Сейфуллин атындағы  орталықтандырылған  кітапхананың директорының міндетін атқарушы  Гүлмайра Ағлақызына құтықтау сөзін  бастады.  Мектеп оқушылары шағын көрініс қойып,  отан қорғаушыларды бір еске түсіріп рухмызды көтерді. Асем ән шырқалды.  Жаңаарқа  ауданы қорғаныс істер  жөніндегі  бөлімінің жабдықтау тобының бастығы майёр Көпеев Азамат Кеңесұлы Жеңіс күніне қатысты тың ақпараттар бөлісіп, жастарға жалынды сөз арнады. Шара соңында жиынға жиналғандар мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.