Жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды
04.03.2021
4 наурыз күні Жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанындағы «Парасат жолы» орталықтарының бірлескен жұмысы туралы меморандумдарға қол қойды.
Меморандум мақсаты - азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.
Жастардың тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін етуді көздейтін орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен тағлымды тарихты, тұнық тәрбие мен өнегелі әдебиетті өне бойларына терең сіңірген зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қаламгер-тілшілердің елеулі еңбектері арқылы парасатты қоғам қалыптастыру. Мәдениет пен руханияттың тоғысқан ордасы саналған кітапханада өткен игі шарада бірегей жаңа жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары салтанатты түрде таныстырылды. Пайымды пікірлер мен орамды ойлар ортаға салынған шарада әділдіктің қоғам өмірінде алатын орны мен шалқар шығармалардың оқырманға беретін тәлім-тәрбиелік рөлі сөз болып, құнды қасиет парасаттылықтың маңыздылығы талқыланды. Осыған орайда Жасөспірімдер кітапханасында "Парасат жолы" орталығы салтанатты түрде ашылып, лентасы қиылды. Шараға арнайы шақырылған қонақтарымыз наиб имам Әбілда Болат Мырзашұлы, "Жаңаарқа" газеттілшісі Салтанат Балтабайқызы, Жастар ресурстар орталығының қызметкері ЕркегүлТәттімбекқызы, дін мәселелерді зерттеу секторының теолог маманы Қаракесеков Даулет Ерболатұлы,теолог Әбдікәрімов Ғазым Жаңабайұлы "Парасат жолы" орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз пікірлерімен ой бөлісті. "Парасат жол" орталығына"мүшелер сайланды. Жетекші Көппаева Гүлайхан Жұмабайқызы алдағы уақыттағы жоспарлармен таныстырды. Тұрақты тақырыптық көрмеге Жаңагүл Бейсенбайқызы шолу жасады. «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба. Шарада сөз алғандар ОКЖ директоры Ш.Т.Ускенбаева жақсы істер бастамасы екенін айтып сәттілік тіледі. Дін мәселелерді зерттеу секторының теолог маманы Қаракесеков Даулет Ерболатұлы бұл игі бастама ауданымызда адалдық атмосферасын қалыптастыруда айрықша маңызға ие екендігін алға тартты. Келген қонақтарымыз іске сәттілік тілеп өз лебіздерін білдірді. Кітапхана меңгерушісі Ж.С.Смаилова келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, "Парасат жолы" орталығын ашу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жарқын үлгісін қалыптастыруға болатынын жеткізді. Айта кетсек, киелі өңірде түндігін түрген "Парасат жолы" орталығы алдағы уақытта талай жастың санасына сілкініс жасауға және оқырман қауымның таным-түйсігіне ізгі ой қалдыруға, сондай-ақ бармақ басты, көз қысты әрекеттерден алшақ болып, ізгілікті істердің ізін жалғастыруға едәуір ықпал етпек.
https://www.instagram.com/p/CMCdNShFKkR/?utm_source=ig_web_copy_link