«Жәй заттан ерекше бұйым»
29.08.2024
29 тамыз Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Алтын оймақ» үйірмесі аясында «Жәй заттан ерекше бұйым» атты шеберлік сағаты өткізілді. Үйірмеде 5 – 7 сынып оқушылары жәй заттардан қалай ерекше бұйым жасап, оны сәндеу үлгісін үйренді. Ол жерде сіріңкенің шиінен кружка тарелкасымен жасалды, сіріңкенің шиі екі түсте болды, екеуін үйлестіре отыра өте бір ерекше бұйым шықты. Кардоннан құстарға арнап үйшік, бәйтеректің мүсіні мен кәдімгі жер үйдің мүсіні жасалды. Мүсінді жасау үшін оралды қиып, бояп дайындап алдықта, ыстық желімнің көмегімен жыбыстырдық. Жұмыс барысын оқушы балалар жақсы түсініп, қызығушылықтары арта түсті. Мақсаты: Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыру және өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.